Ғұмыры келте Ғаділше

Қазақтан шыққан алғашқы физиктердің бірі

Қазақтан шыққан тұңғыш физик ғалымдардың бірі Ғаділше Аяпбергенов туралы осы күнге дейін көп айтылған жоқ. Оған себеп – ғалымның «халық жауы» атанып, атылып кетуі. Ғалым туралы сәті түскен күні қалың оқырман мен ғылыми орта нақты деректерге сүйеніп жазылған көлемді дүниені тұшына оқитынына сенім кәміл. Қазіргі сөз Ғаділшенің сонау 30-жылдары «Физика» оқулығын алғаш рет қазақшаға аударуы және басқа да ғылыми еңбектері жайында болмақ.

Өз елінде «коммуна типтес» мектеп ашқан əкесі Аяпберген Науанұлының ақылымен əуелі ауыл молдасынан ескіше сауат ашқан Ға діл ше – Орынбордағы орыс мектеп-интернатында оқып, сосын Алматыда жаңадан ашыл ған ҚазПИ-дің физика-математика маман дығына 1929 жылы қабылданып, 1933 жылы жедел курспен бітірген алғашқы лектегі түлегі. Студент кезінде-ақ ол институт ди рек торының (Б.Алманов) бұйрығымен ассис тент болып жұмысқа қабылданып, орыс тілінде жазылған оқу құралдары мен əдістемелік əдебиеттерден төменгі курстарға дə ріс оқыған. Сондықтан халықты сауаттандыру жөніндегі «орталықтың» шешіміне сəйкес жекелеген оқулықтарды өзге тілдерден аудару үшін республика қазынасынан ар найы қаражат қаралған. Соның негізінде Қазақ АКСР Оқу-ағарту халық комиссариаты V сынып тан жоғары оқушылар үшін «Фи зика» оқу лығын қазақ тіліне аударып беру жөнін де соңғы курстың студенті əрі ассистент Ғ.Аяпбергеновке арнайы тапсырыс береді.

Қазақстан тəуелсіздігі жарияланғанға дейін оқытылып келген Г.И.Фалеев пен А.В.Пе рышкиннің екі бірдей «Физика» оқулы ғын 1933 жылы тұңғыш рет қазақ тіліне аудар ғанын жас ғалым өзінің жеке ісінде көрсет кен. Бұл екі кітап Алматы қаласындағы елі міз дің Орта лық ғылыми кітапханасының сирек кітап тар қорында сақтаулы тұр. 1933 жəне 1935 жыл да ры жарық көрген кітаптар Қызыл орда да ғы мемлекеттік баспаханада басылыпты. Ара да тоқсан жылға жуық уақыт өткен соң кітап ха на ның электронды сайты арқылы біз тапқан құнды дүниелер жөніндегі əңгіме-дерек бұған дейін қалың жұртшылыққа беймəлім болып келді.



(СУРЕТТЕ: (солдан оңға қарай): бірін ші қатарда – Тайыр Жароков, Марат Ғадылшеұлы, ..., жұбайы Зейнегүл Мадалиева, ...; екін ші қатарда – Ғадылше Аяпбергенов, Асқар Тоқмағанбетов, Хамза Есенжанов, Батыр бек Бірімжанов. 1934 ж. (Сурет Алма ты қалалық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы.)

Республика халық ағарту комиссариатының алқасы бекіткен Г.И.Фалеев пен А.В.Пе рыш киннің V сыныпқа арналған «Физика» оқулығының қазақша нұсқасы 1933 жылы басылып шыққан болатын. 104 беттік оқулық 125 суретпен безендіріліп, 99 тақырыпты 5 тарауға топтастырған: 1) Жабайы өлшеулер; 2) Жылылықтың нəрсеге əсері; 3) Қатты нəрселер; 4) Сұйық нəрселер; 5) Газдар. Сондай-ақ 20 мың дана таралыммен басылған кітап мазмұнының алдындағы бетке жаттығулардың жауаптары беріліпті. Құны – 1 сом 50 тиын. 5-оқу жылына арнал ған орта мектеп үшін «Физика» оқу құралының бірінші бөлімі сол дəуірдің талабына сəйкес латын қарпімен басылған. 6 баспа табақтан сəл астам аударма кітапқа кейіннен жазушылығымен танылған белгілі қаламгер Өтебай Тұрманжанов редакторлық еткен.

Ғаділше Аяпбергенов аударған екінші «Физика» оқулығы (І бөлім) орталау мектептің VI сыныбына арналған. 1935 жылы Қы зыл ордадағы баспадан екінші басылымда шық қан оқулықтың қосымша бес мың данамен шығуы да 5 тарауға біріктірілген 99 тақырыптан тұрғанмен, көлемі 96 бет, 5,5 баспа табақ. Мұның да авторлары – Г.Фалеев пен А.Перышкин, редакторы – Ө.Тұрманжанов.

Бір ғажабы, екі кітапқа да Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университеті жанындағы əлеуметтік құқық факультетінің кітапханасы өзінің мөрін басыпты. Соған қарағанда, аудармашысы тұтқынға алынған оқу лық бағдарламадан шығарылған соң, «тұлы бын» сақтап қалу үшін Ташкентте тұрса керек. Қазақ КСР Ғылым академиясының Орта лық ғылыми кітапханасына соңынан жеткізілген сияқты.

Көз жүгірте отырып, оқушы ұғымына жеңіл əрі жатық тілмен жазылған екі оқулықта да кейбір негізгі ұғымдардың əлі күнге дейін қолданыста екенін байқадық. Аудармашы атауларды термин ретінде тұрақтандыруға ерекше ден қойып, қазақша баламасын дəл тапқан. Сөйлем құрауы, тілдік құралдарды қолдануында да ізденіс мол.

Кейіннен білсек, 1934 жылғы 14 ақ панда Қазақ өлкелік комитетінің мəде ниет жəне үгіт бөлімі, араға он екі күн салып республика ағарту халық комиссариаты бекіткен «Бастауыш жəне орта мектеп тер оқулықтары авторларының (құрастыру шылар, аудармашылар) тізімінде» «Физика» оқулығын аударушы төртеудің бірі болып Ғаділше Аяп бер генов тұр екен. Бұл тізімде сол дəуірдегі небір марғасқалар – қазақтың оқыған азаматтарының түгелге жуығы бар. 1937 жылға дейін болашақ ғылым білгірі ретінде осы тізімнен шығарылмаған Ғ.Аяпбергенов А.С.Бубнов атындағы Ленинград мемлекеттік университеті жанындағы физика институтының аспирантурасына физика ілімінің электротехника саласы мамандығы бойынша арнайы жолдамамен барып түскен.

«Қазақ мектептеріндегі физиканы оқыту жəне физикалық эксперименттеу əдістемесі» жөніндегі зерттеу жұмысын жазып бітірген Ғ.Аяпбергенов 1934 жылы тұңғыш ғылыми еңбегін сол жылы баспаға ұсыныпты. Бірақ бұл еңбектің одан арғы тағдыры қалай болғаны əзірге беймəлім.

Жас ғалым-ізденушінің талабын ұштамақ болды ма, əлде тиісті талабы солай ма, əйтеуір ағарту халкомы Т.Жүргеновтің өзі Ғаділшені ал дын ала келісімге сай аспиранттар қатарында Ле нинград мемлекеттік университетіне іс сапарға жіберуге бұйрық шығарған. Жəне сол бұйрықта 1934 жылғы 1 қыркүйектен ас пи - ран туралық курсты аяқтағанша ай са йын 250 сом (рубль) мөлшерінде дербес шəкірт ақы төлеп тұруды тапсырыпты. Оған қоса аспирант ретінде бөлек шəкіртақы тағы төленген. Мұны Ғ.Аяпбергеновке тек «темір» хал комның қамқорлығы деп қараған жөн бол мас. Өйткені ҚазМУ-дің физика кафедрасы ның меңгерушісі, профессор В.Ф.Литвинов қол қойған мінездемеде де оның іс-əрекеті жоғары бағаланыпты.

Ғаділшемен Ресей жерінде қатар оқығандар да осал адамдар емес. Атап айтқанда, Серғали Толыбеков, Темірғали Нұртазин, Батырбек Бірімжанов, Мұхамеджан Қаратаев, Төлеген Тəжібаев, Хамза Есенжанов, осылайша тізбелей беруге болады. Ал Ленинградтың Тарих, философия жəне лингвистика институтын бітіріп, аспирантураға түскен Саттар Ерубаев Василеостровский ауданындағы №7 көшеде Ғаділшемен бір бөлмеде жатып, жан қиыспас дос болғанын екінің бірі білмейді.

Аспирантураның соңғы курсында жүргенде НКВД-ның құрығына іліккен 11 адамдық топтың құрамында жиырма жеті жастағы Ғаділше Аяпбергенов болғанына ресми дəйек куə. Өкініштісі, 1937 жылдың 4 қарашасында кеткеннен оны «көрдім-білдім» деген жан жоқ. Тек «Ленинградский мартиролог» сериясының ІХ томынан алынған мəлімет ойдан шығарылған үкімнің 1938 жылғы 26 сəуірде Нева жағалауында орындалғанына ғана айғақ.

Бұлыңғыр заманның бейкүнə ұлдарын диірменнің тасындай дөңгеленіп жатқан дүние, сырғыған уақыт ақтап алды. Белгісіз физик-ғалым Ғаділше Аяпбергенов – солардың бірі. Енді оларды жоғалтпайықшы!..

Назарбек ҚОСШИЕВ, документалист, АТЫРАУ

Egemen Qazaqstan, №103 (29832) 29 МАМЫР, ЖҰМА 2020 ЖЫЛ