Қазақстандық физикалық қоғам

«Қазақстандық физикалық қоғам» республикалық қоғамдық бірлестігі ерікті мүшелік негізінде жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады. «ҚФҚ» өз мүшелерінің мүддесі үшін ҚР физикалық қоғамдастығының қызметін үйлестіреді. ҚФҚ бірлестік қызметінің негізгі мақсаттары болып табылады:

  • физика ғылымының дамуына және физика білімінің таралуына жәрдемдесу
  • білім және ғылымды басқару, жоғары технологиялы өнеркәсіптерді дамыту саясатын әзірлеу бойынша сараптама жүргізу және кеңес беру
  • Қазақстан қоғамында физика және оның қолданылыуын жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекеттесу арқылы танымал ету
  • бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын студенттер арасында негізгі мамандану аясы ретінде физика тартымдылығын арттыруға жағдай жасау
  • Қазақстанда инновация мен жоғары технологиялардың дамуын ынталандыру мақсатында жергілікті және халықаралық кәсіпорындармен қолданбалы зерттеулер аясында жұмыс істейтін физиктер өзара әрекеттестігіне жәрдемдесу
  • әлемнің түкпір-түкпіріндегі академиялық, инженерлік және өнеркәсіптік ұйымдарда жұмыс істейтін физиктер халықаралық ынтымақтастығына жағдай жасау;
  • өз мүшелерінің ғылыми, кәсіби және әлеуметтік мүдделерін қорғау
  • Қазақстан және басқа елдердің ғалымдарымен, инженерлерімен, кәсіпорындарымен, кәсіби және қоғамдық ұйымдарымен шығармашылық және іскерлік байланыстарды дамыту

Басшылық

  • ПрезидентТ.А. Кожамкулов, ҚР ҰҒА академигі, профессор, «ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері», 2015 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
  • Вице-президентТ.С. Рамазанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор, 2015 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
  • Ғылыми хатшыМ.Е. Абишев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор

    Басқарма мүшелері:

    • К.А. Байгарин, Назарбаев Университетінің инновация және ғылым жөніндегі вице-президенті, профессор
    • Н.Т. Буртебаев, ЯФИ Ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша бас директорының орынбасары, профессор
    • М.Т. Габдуллин, ҚБТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, профессор, 2015 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
    • А.Е. Давлетов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің деканы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор
    • Н.Г. Джумамухамбетов, АМГУ физика және техникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор
    • Н.Х. Ибраев, Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры
    • В.Н. Косов, Абай атындағы ҚазҰПУ физика кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор
    • С.Е. Кумеков, ҚазҰТУ-дың жоғары технологиялық институтының директоры, профессор
    • О.А. Лаврищев, ЭТФҒЗИ директоры, профессор
    • Р.К. Мырзакул, Гумилев атындағы ЕҰУ жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор, 2017 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
    • М.К. Скаков, ҚР ҰЯО бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, профессор
    • Л.М. Чечин, Келешекті астрофизикалық зерттеулер бөлімі басшысы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор, 2015 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының

    Секциялар:

    1. Теориялық физика және астрофизика – төрағасы Л.М. Чечин, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор
    2. Плазма физикасы – төрағасы А.Е. Давлетов, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор
    3. Ядролық физика – төрағасы Н.Т. Буртебаев, профессор
    4. Конденсацияланған күй физикасы – төрағасы С.Е. Кумеков, профессор
    5. Атомдық және молекулалық физика – төрағасы В.Н. Косов, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор
    6. Қолданбалы физика – төрағасы А. Десятников, профессор, Назарбаев Университеті

    Аймақтық үкімет:

    1. Астана – директор К.А. Байгарин, Назарбаев Университетінің инновация және ғылым жөніндегі вице-президенті, профессор
    2. Алматы – директор М.Т. Габдуллин, ҚБТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, профессор
    3. Алматы облысы – директор Е.С. Андасбаев, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ физика-математика факультетінің деканы, профессор
    4. Ақтөбе облысы – директор Қ.Ш. Шүңкеев, А. Жұбанов атындағы АРМУ-дің бірінші проректоры, профессор
    5. Шығыс Қазақстан облысы – директор М.К. Скаков, ҚР ҰЯО бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, профессор
    6. Жамбыл облысы – директор Т. Бижигитов, ТарМПИ физика-математика факультетінің деканы, профессор
    7. Қарағанды облысы – директор А.С. Кудусов, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ физика және нанотехнология кафедрасының меңгерушісі, доцент
    8. Қызылорда облысы – директор Б.К. Калиев, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ физика-математика кафедрасының меңгерушісі, профессор
    9. Маңғыстау облысы – директор Г.Н. Нигметова, Ш. Есенов атындағы КМТжИУ жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі
    10. Солтүстік Қазақстан облысы – директор Б.М. Усеинов, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ физика кафедрасының доценті
    11. Түркістан облысы – директор А.Б. Оралбаев, М. Әуезов атындағы ОҚМУ физика кафедрасының доценті