2024 жылдың 9 қазанында Қазақстандық физикалық қоғамы (KФҚ) мен Гонконг физикалық қоғамы (ГФҚ) бірлескен серіктестік пен тығыз халықаралық қатынастарға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
2024 жылдың 9 қазанында Қазақстандық физикалық қоғамы (KФҚ) мен Гонконг физикалық қоғамы (ГФҚ) бірлескен серіктестік пен тығыз халықаралық қатынастарға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум елдер арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін құра отырып, келесідей іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған:
- Ғылыми кадрлармен алмасу, қызметкерлердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, бірлесіп ұйымдастырылған жобалар бойынша кадрлар алмасу;
- Бірлескен ғылыми қызмет, мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық және жеке қорлар мен ұйымдар бөлетін гранттарға бірлесіп қатысу;
- Ғылыми кеңестер мен симпозиумдарды ұйымдастыру; мамандар мен студенттерді тарта отырып, ғылыми және жазғы мектептерді бірлесіп өткізу;
- Серіктестердің мерзімді басылымдарында мақалаларды, баяндамаларды және басқа да ғылыми материалдарды жариялау;
- Ғылыми ақпарат, басылымдар, материалдар және білімдермен алмасу; зерттеулер жүргізу үшін зерттеу орталықтарына және деректер қорына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- Серіктес ЖОО-да магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету үшін жетекші ғалымдар мен оқытушыларды тарту.
Құжатқа қол қойды: Қазақстандық физикалық қоғамы атынан ұйымның президенті Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов және Гонконг Физика қоғамының өкілі Санни Синг Ванг (Sunny Xin Wang)