Вице-президенттің өмірбаяны

М.Т. Габдуллин
Вице-президент
Маратбек Ғабдуллин — PhD, физика-математика ғылымдарының кандидаты, плазма физикасы, наноматериалдар мен нанотехнологиялар, сутегі энергетикасы салалары бойынша жоғары білікті маман.
Ол 400-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, олардың 55-і АҚШ, Англия, Германия, Ресей және басқа елдердің рейтингтік журналдарында жарияланған.
Қазіргі уақытта Маратбек Төлебергенұлы Қазақстан Республикасының 9 патентінің авторы болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастық
Ол Германия, Франция, АҚШ, Жапония, Ресей, Украина, Беларусь сияқты елдердің жетекші ғалымдарымен тығыз ғылыми байланыс орнатқан. Ғылыми журналдардың редакциялық алқасының мүшесі және рейтингтік журналдардың рецензенті.
Ғылым саласындағы жетістіктері үшін Маратбек Төлебергенұлы көптеген марапаттарға ие болған:
«Үздік жас ғалым», «ЖОО-ның үздік оқытушысы»,
әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
«Алтын Адам – Жыл адамы» сыйлығының лауреаты,
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» атты Президенттік медалімен марапатталған.
Атқарған лауазымдары
Бұған дейін Маратбек Төлебергенұлы ғылым және инновациялар жөніндегі проректор қызметін атқарған, кейінірек Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры болып тағайындалды.
«Қазақстандық физика қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі – ерікті мүшелік негізінде жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым.
ҚФҚ өз қызметін мүшелерінің мүддесі үшін, Қазақстан Республикасындағы физика саласындағы қауымдастықтың қызметін үйлестіру мақсатында жүзеге асырады.
Халықаралық байланыстар
Ғалымдармен, кәсіби және қоғамдық ұйымдармен шығармашылық және іскерлік байланыстарды белсенді дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық білім мен тәжірибе алмасуға, бірлескен прогресс пен инновациялық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚФҚ секциялары
Шет елдердің ғалымдарымен, кәсіби және қоғамдық ұйымдарымен шығармашылық және іскерлік байланыстарды белсенді дамыту – халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық білім мен тәжірибе алмасуға, бірлескен прогресс пен инновациялық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған.