Үшінші жыл сайынғы конференция

2023 жылғы 7–11 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы базасында (Курчатов қаласы) Қазақстан физика қоғамының (ҚФҚ) Үшінші жыл сайынғы жиналысы өтеді. Оған әртүрлі елдердің ғылыми институттары мен мемлекеттік органдарының жетекші ғалымдары мен зерттеушілері қатысады.

Жиын барысында қазіргі заманғы физика мен физикалық технологиялардың түрлі салаларындағы соңғы жетістіктер, сондай-ақ физикалық ғылымның өзекті бағыттарын әрі қарай дамыту мәселелері мен перспективалары талқыланады.

Бағдарламада физикалық ғылымдардың өзекті бағыттары бойынша баяндамалар, сондай-ақ ҚР Ұлттық ядролық орталығының бірегей нысандарына және бұрынғы Семей сынақ полигонына техникалық турлар жоспарланған.

Жиналыстың ресми тілі – ағылшын тілі.

Іс-шара туралы толық ақпаратты, қатысу шарттары мен баяндама ұсыну талаптарын https://kazps.kz/ сайтындағы «Конференциялар» бөлімінен көруге болады.