Қазақстан және Гонконг физика қоғамдары ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

2024 жылғы 9 қазанда Қазақстан физика қоғамы (KPS) мен Гонконг физика қоғамы (PSHK) бірлескен серіктестік пен тығыз халықаралық қатынастарды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум елдер арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін құрайды және келесі бағыттарға бағдарланған:

  • Ғылыми кадрлармен алмасу, қызметкерлерге тағылымдамалар ұйымдастыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін кадрлармен алмасу;
  • Бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу, мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық және жеке қорлар мен ұйымдар бөле­тін гранттарға бірге қатысу;
  • Ғылыми кездесулер мен симпозиумдар ұйымдастыру; мамандар мен студенттердің қатысуымен ғылыми және жазғы мектептерді бірге өткізу;
  • Серіктес ұйымдардың мерзімді басылымдарында мақалалар, есептер және басқа да ғылыми материалдарды жариялау;
  • Ғылыми ақпаратпен, жарияланымдармен, материалдармен және біліммен алмасу, зерттеу жүргізу үшін ғылыми орталықтар мен базаларға қол жеткізуді ұйымдастыру;
  • Университеттер арасындағы серіктестік шеңберінде магистранттар мен PhD студенттердің зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету үшін жетекші ғалымдар мен оқытушыларды тарту.

Құжатқа Қазақстан физика қоғамы атынан Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиевич, ҚФҚ президенті, және Гонконг физика қоғамы (PSHK) өкілі Sunny Xin Wang қол қойды.