«Әбділдин оқулары» халықаралық конференциясы академик М.М. Әбділдин.
Қазақстанның көрнекті физик-ғалымдарының бірі, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абдилдин Мейрхан Мубараковичтің 85 жылдығына арналған «Абдилдин оқулары» атты қазіргі заманғы физиканың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференция.
Конференцияны ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Азия-Тынық мұхиты теориялық физика орталығы; Қазақстан физика қоғамы; Ядролық физика институты.
Халықаралық конференцияға Жапония, Корея, Италия, Чехия, Дания, Мексика, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдерден 9 елдің 70-тен астам ғалымы, физика саласының мамандары мен студенттері, сондай-ақ ғалымның туған-туыстары мен жақындары қатысты.
Қазіргі заманғы физиканың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференцияны ҚазҰУ басқарма мүшесі — академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ляззат Қалымбекқызы Еркінбаева ашты, Мейрхан Мубараковичтің өмірбаянымен таныстырды және оның ғылыми жетістіктері туралы баяндады.
Конференция тақырыптары қазіргі заманғы физиканың негізгі бағыттарын қамтиды, соның ішінде: теориялық физика, ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы, астрофизика және космология, ғарыштық сәулелер, плазма физикасы, конденсацияланған орта физикасы, жылу физикасы, биофизика, медициналық физика, оқу-әдістемелік және философиялық мәселелер.
Бұл конференция, сөзсіз, физика саласындағы шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты, халықаралық аясында физиканың өзекті тақырыптары бойынша жоғары деңгейлі зерттеулерді үйлестіруді дамытуға айтарлықтай үлес қосады, сондай-ақ белсенді зерттеушілер мен жас ұрпақтың дарынды өкілдері арасындағы жемісті ынтымақтастықты біріктіреді.



